← Выйти

Демо: Қазақ тілі — пробная подборка

Вопрос 1 из 10Қожанасыр
Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде: - Қожеке, алыңыз, алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемейді, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп: - Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді. Сонда Қожа: - Сен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.

Мәтінге сәйкес сөйлемді табыңыз.

Тренировка · отвечено 0 из 10