⚡ НЗМ тестіне арналған лайфхактар

Тестте дұрыс жауап қана емес, уақыт та маңызды. Бұл тәсілдер бәрін соңына дейін есептемей жауапқа шығуға көмектеседі: соңғы цифр бойынша артық нұсқаларды алып тастау, шамасын бағалау немесе ыңғайлы санды қою. Есептер НЗМ 2025 ресми үлгісінен.

1. Дөңгелектері бар фигураның ауданы: соңғы цифр және бағалау

Есеп

Үлкен дөңгелектің диаметрі 1 м, ал кіші дөңгелектің диаметрі 0,4 м (үлкен дөңгелектен 4 кіші дөңгелек кесіп алынған). Боялған фигураның ауданын табыңыз. π санын жүздікке дейін дөңгелектеңіз.

  • A) 0,2826 м²
  • B) 0,6594 м²
  • C) 1,1304 м²
  • D) 2,6376 м²

⚡ Жылдам тәсіл

Дөңгелектері бар фигураның ауданы: соңғы цифр және бағалау

  1. π-ге бірден көбейтпе: S=π⋅0,52−4⋅π⋅0,22=π (0,25−0,16)=0,09πS=\pi\cdot0{,}5^2-4\cdot\pi\cdot0{,}2^2=\pi\,(0{,}25-0{,}16)=0{,}09\pi.
  2. Соңғы цифр: 9⋅4=369\cdot4=36, демек жауап 6-мен аяқталады. A) 0,2826 және D) 2,6376 қалады.
  3. Шамалап бағалау: π<4\pi<4, демек S<0,09⋅4=0,36S<0{,}09\cdot4=0{,}36. D нұсқасы тым үлкен.

Жауабы: A) 0,2826 м²

💡 Соңғы цифр мен шамалап бағалау ұзақ көбейтусіз артық нұсқаларды алып тастайды.

Осы нұсқаны толық шешу →

2. m : n қатынасы: сандарды қой да шеш

Есеп

mn=334\dfrac mn=3\dfrac34 екенін біле отырып, m+3nm\dfrac{m+3n}m өрнегінің мәнін табыңыз.

  • A) 1451\dfrac45
  • B) 2152\dfrac15
  • C) 7157\dfrac15
  • D) 121412\dfrac14

⚡ Жылдам тәсіл

m : n қатынасы: сандарды қой да шеш

  1. 334=1543\dfrac34=\dfrac{15}{4}, демек m=15m=15, n=4n=4 деп алуға болады.
  2. m+3nm=15+1215=2715=95=145\dfrac{m+3n}{m}=\dfrac{15+12}{15}=\dfrac{27}{15}=\dfrac95=1\dfrac45.

Жауабы: A) 1451\dfrac45

💡 Жауап тек m : n қатынасына байланысты, сондықтан осындай қатынастағы кез келген сандар жарайды.

Осы нұсқаны толық шешу →

3. Модульдердің қосындысы: аралықтан кез келген санды қой

Есеп

15<x<3915<x<39 екені белгілі. ∣x−15∣+∣x−39∣|x-15|+|x-39| өрнегінің мәні неге тең?

  • A) –54
  • B) –24
  • C) 24
  • D) 54

⚡ Жылдам тәсіл

Модульдердің қосындысы: аралықтан кез келген санды қой

  1. 15 пен 39 арасынан кез келген ыңғайлы x ал, мысалы x=20x=20.
  2. ∣20−15∣+∣20−39∣=5+19=24|20-15|+|20-39|=5+19=24.

Жауабы: C) 24

💡 Кесінді ішіндегі нүктеден оның ұштарына дейінгі қашықтықтардың қосындысы кесінді ұзындығына тең: 39−15=2439-15=24.

Осы нұсқаны толық шешу →

Лайфхак тақырыпты түсінуді алмастырмайды: неге солай істеуге болатынын білгенде ғана жұмыс істейді. Әр тәсілдің астында түсіндірмесі бар.